Алматыда жалған ақша жасаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

1361

Тұтқындалған азаматтар 500 және 5000 теңге номиналындағы ақшаны басып шығарумен  айналысқан. 

Алматыда жалған ақша жасаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Жалған ақша жасаумен айналысқан қылмыстық топты ұстау операциясы қыркүйек айында жүргізілген. Тұтқындалғандардың үшеуі бұдан бұрын істі болған азаматтар. Қазіргі кезде тергеу амалдары аяқталып, іс сотқа жіберілді. Бұл туралы Алматы қалалық экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Цехтен ноутбуктер, түрлі түсті суретті басып шығаратын құралдар, ультракүлгін шам, ламинатор, бояу құйылған құтылар, флэш-тасымалдаушылар және 308 000 теңге көлемінде жалған ақша табылды. Қылмыстық топ 500 және 5000 теңге номиналындағы ақшаны қолдан жасаумен айналысқан",– дейді экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 231-бабының 2-бөлімі негізінде қылмыстық іс қозғалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу