Алматыда жалған млн доллар жойылды

959

Валюта былтыр жедел іс-шаралар барысында тәркіленген.

Алматыда жалған млн доллар жойылды

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері арнайы комиссияның қатысуымен аса ірі көлемде жалған шетел валютасын жойды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылдың қыркүйек айында жедел-іздестіру шаралары барысында қомақты шетел валютасы тәркіленген.

"Қызметкерлер тестілік сатып алу жүргізді. Оның барысында қала тұрғыны Т. Қалиев 293 мың АҚШ доллары сомасындағы жалған банкноттарды сатпақ болған кезде ұсталды. Тергеу деректері бойынша, Т. Қалиев 2020 жылдың қыркүйек айынан қараша айына дейін номиналды құны 100 АҚШ доллары болатын жалған шетел валютасын бірнеше рет сатқан. Жүргізілген тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан 975 мыңнан астам жалған доллар тәркіленді", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу