Алматыда жалған нөмір таққан 50 көлік тіркелді

1250

Бұл бейнебақылау арқылы бар болғаны он күннің ішінде анықталған темір тұлпарлар саны.  

Алматыда жалған нөмір таққан 50 көлік тіркелді

Алматы жол полициясы мамандары он күннен бері бейнебақылау камерасы арқылы жалған нөмір таққан көліктерді анықтауда. Бұл туралы қалалық полиция департаменті жедел іздестіру басқармасының бастығы Андрей Квашнин айтты. 
"Бүгінде полиция жалған нөмір таққан немесе мүлдем нөмірі жоқ көліктерді автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы анықтауда. Қаладағы бұл камералар жол ережесін бұзған автокөлік жүргізушісін жылдам табуға мүмкіндік береді. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе көлік құралы туралы мәліметтерді тексереді. Бейнежазбадағы автокөлік деректері техникалық төлқұжатты тіркеу деректері мен мемлекеттік нөмірі техникалық төлқұжатымен сәйкес келмеген жағдайда кезекші инспекторлар сол көлікті анықтауға және ұстауға жіберіледі", - деді Алматы қалалық ПД жедел іздестіру басқармасының бастығы Андрей Квашнин. 

Сонымен қатар полиция департаментінің мамандары жалған мемлекеттік нөмір таққан "Лексус" автокөлігінің иесін ұстаған. Тексеруден кейін оның 200-ге жуық жол жүру ережесін бұзғаны анықталды. Бұдан бөлек он күннің ішінде 50-ден аса жалған нөмір таққан көлік және мүлде нөмері жоқ 100 автокөлік анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу