Алматыда жалған вакцина төлқұжатын сатқан емханалар анықталды

808

Бұл туралы қалалық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

Алматыда жалған вакцина төлқұжатын сатқан емханалар анықталды

Оның айтуынша, жалған вакцина төлқұжатын, медициналық анықтамаларды қолдан жасау дерегін анықтау бойынша интернет-ресурстарға және БАҚ-қа мониторинг жүргізіліп жатыр.

"Жақында тұрғындарды Сауд Арабиясы Корольдігіне жіберу үшін 140-тан аса жалған вакцина төлқұжатын жасаумен айналысқан туристік компания анықталды. Сондай-ақ №21, №4, №16 және №13 қалалық емханалардың жалпы тәжірибе дәрігерлеріне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр", - деді Нұрлан Алмасбеков "ZOOM-да" өткен арнайы жиналыста.

Аталған емханадағы дәрігерлер адамдарға коронавирусқа қарсы вакцина салмай, екпенің бірінші компонентін қабылдағаны туралы жалған деректерді базаға енгізген.

"Сондай-ақ егу бөлмесінде бейнебақылау камерасы болса, олар екпені алғандай етіп көрсетіп, екпе салынған орынды пластырмен жабыстырған. Бұл қызметтердің барлығына ақша берілгені анық", - деді қалалық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары.

Сонымен қатар ол жалған құжат жасағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы барын, ал оны қолданған адам 40 тәулікке қамауға алынатынын ескертті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу