Алматыда жалған вакцинация төлқұжатын жасаған "ақ халаттылар" ұсталды

813

Олар сынама алмай ПТР-тест анықтамасын беріп, екпе салдырмаған азаматтарды тіркеп отырған. 

Алматыда жалған вакцинация төлқұжатын жасаған "ақ халаттылар" ұсталды

Алматыдағы үш медициналық мекеменің қызметкерлері ПТР нәтижелері мен вакцинация төлқұжаттарын қолдан жасағаны үшін істі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қалалық Криминалдық полиция басқармасының хабарлауынша, "Достар Мед" және "Сұңқар" медициналық мекемелерінің қызметкерлері жалған құжаттар жасағаны үшін ұсталды. Сондай-ақ №4 поликлиниканың медициналық қызметкері вакцинация төлқұжатын сатқаны және вакциналарды заңсыз жойып жібергені анықталды.

"Бірінші жағдайда, зертхана қызметкерлері екі мейірбикесінің көмегімен ақшалай сыйақы үшін еш сынамасыз теріс нәтижелі ПТР тест анықтамасын жасап берген. Осылайша "Сұңқар" медициналық орталығының дәрігер-эндоксисті ұсталды, ол бұрын алаяқтық үшін жауапқа тартылған. Жеке тінту кезінде ПТР тест нәтижелері, сондай-ақ ақша процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Сонымен қатар №4 қалалық емхананың аға мейірбикесі ұсталды, ол 15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алу үшін вакцина алмаған азаматтарды тіркеумен айналысқанын мойындады. Бұл фактілер ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жалғасуда", – деді деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу