2023 жылы 13 қыркүйекте сағат 11:00 – де Алматы қаласындағы "Арбатта" Жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкені Алматы қаласы әкімдігінің техникалық қолдауымен "Алматы қаласы еңбек мобильділігі орталығы" КММ ұйымдастырады.
Жәрмеңке өткізудің мақсаты - жастар мен оқу орындарының түлектері және жұмыс іздеушілер үшін жұмыс орындарының қолжетімділігін кеңейту, лайықты үміткерлерді тарту арқылы жұмыс берушілер үшін жалдау процесін жеңілдету және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
Жиынға өнеркәсіп, өндіріс, сауда желілері, тамақтану, медицина, фармацевтика, білім беру салаларынан жұмыс берушілер қатысады.
Жәрмеңкеде жұмыс берушілер ізденушілермен кездеседі, ал ізденушілер қойылған талаптар мен бос жұмыс орындармен танысады. Өтініш берушілер түйіндемені жіберуге және сол жерде алдын-ала сұхбаттасуға мүмкіндік алады.