Алматы әкімдігі экобелсенділердің Almaty Clean & Green акциясын өткізу бастамасын қолдады. Саябақтар, гүлзарлар, аулалар, қараусыз қалған аумақтар мен қоғамдық орындарды тазарту жоспарланған. Қала тазартылып, көгалдандырылады. Акция барысында 5 мыңға жуық ағаш отырғызылады.
Әкімдік барлық жиналған қоқысты шығарып, қажетті құрал-жабдықтар мен акцияға қатысушыларға көшеттер беріп, сумен және тамақпен қамтамасыз етеді.
Акция аясында флешмоб, эко ойындар және т.б. іс-шаралар өтеді. Қатысушылар ландшафты көгалдандыру мамандарынан өсімдік егу, атақты стрит-арт суретшілерінен сурет салу, граффити жасауды үйренеді. Әрі қолөнер және фотошеберлік сабақтары өтеді.
Сенбілік 22 сәуірде сағат 10.00-де қаланың барлық ауданында өтеді.