Алматыда жалпы сайлаушылардың 27 пайыздан астамы дауыс берді

478

Бұл туралы Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова мәлімдеді. 

Алматыда жалпы сайлаушылардың 27 пайыздан астамы дауыс берді

Жабық сайлау учаскелерінде 12 381 сайлаушы дауыс берді. Алдын ала өтініш жазған 2295 азамат үйінде дауыс беруге өтініш білдірген. Алматыдағы сайлау учаскелерінде 3 мыңнан астам ұлттық және 43 халықаралық бақылаушы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жанна Асанова сайлау комиссиясының заңға сәйкес хаттаманы кімге беруге құқығы бар екенін тағы да түсіндірді.

"Заңда дауыстарды санауға қатысқан байқаушының, сенімді тұлғалардың дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы ұсыну тәртібі белгіленген, хаттама сайлау комиссиясының стенділеріне де ілінеді. Хаттаманы БАҚ өкілдеріне беру заңда қарастырылмаған", - дейді Жанна Асанова.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихаты барысында Жанна Асанова сайлаушылардың сайлау бюллетенін жәшікке салар алдында суретке түсіріп алуы кең тараған жағдайға қатысты пікір білдірді. Мұндай жағдай бүгін №55 орта мектептегі №72 сайлау учаскесінде орын алды.

"Бұл әрекет пен үгіт жүргізудің ара-жігін ажыратып алу керек, егер сайлаушы бюллетеньді жәшікке салмай тұрып суретке түсіріп алса және  оны ешқайда жарияламаса, бұл заң бұзушылық емес. Естелік үшін суретке түсіруге болады, бірақ егер адам белгілі бір кандидатты таңдағанын көрсетіп, оны қолдап бюллетеньді жарияласа, бұл басқа мәселе. Сондықтан бұл жерде үлкен айырмашылық бар", - деп түсіндірді Жанна Асанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу