Алматыда жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Шараға қаланың 150-ден астам кәсіпорны қатысады. 

Алматыда жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Сағындық Кенжебаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"19 қазан күні сағат 11:00-де Арбатта жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді деп жоспарлануда. Шараға қаланың 150-ден астам кәсіпорны қатысады деп күтілуде. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жұмыс іздеп немесе қызметкер тапқысы келетіндердің барлығын жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесіне қатысуға шақырғым келеді", – деді спикер. 

Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша Жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады.

"Азаматтарға ыңғайлы болу үшін қабылдау "бір терезе" жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы бар, онда интернетке кіру мүмкіндігі бар компьютер беріледі. Мекен-жайымыз: Достық даңғылы, 85, "Әлеуметтік қызмет көрсету үйі"", – деп нақтылады Жұмыспен қамту орталығының директоры.

Айта кететіні, бүгінгі күні жұмыс берушілер электронды еңбек биржасына 4306-дан астам бос жұмыс орындарын орналастырған. Жыл басынан бері 25 221 адам жұмысқа орналасса, оның 13 343-і тұрақты, 11 878-і уақытша еңбекпен қамтылды.

Сондай-ақ спикер азаматтардың жекелеген санаттарын квота бойынша жұмысқа тарту көзделетінін жеткізді. Оның ішінде мүгедектер – 2171, тұрақты жұмыс орындарына – 223, пробация қызметі мен бас бостандығынан айыру орындарында есепте тұрғандар – 23, жетім балалар – 2, әйелдер – 12815 , жастар – 8768,  алимент бойынша берешегі бар азаматтар – 15.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу