Алматыда жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді

"Назар аударыңыз!" сигналын естігенде сабыр сақтап, ғимараттан эвакуацияланыңыз.

Алматыда жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді Фото: kazakhstan today

11 қыркүйек сағат 10:00-де Алматы қаласында  жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізіледі. 

"Сейсмикалық жаттығуды бастамас бұрын дабыл чемоданын дайындап, қауіпсіз жерге эвакуациялау бағытын айқындаңыз. Электр желілерден, ағаштар мен ғимараттардан алшақ  орналақан  ашық алаң – қауіпсіз орын болып табылады", – деп хабарлады ТЖД. 

Сейсмикалық жаттығу барысында "Назар аударыңыз!" сигналын естігенде сабыр сақтап, ғимараттан эвакуацияланыңыз.

"Төтенше жағдайларға дайын болу - адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі. Сейсмикалық жаттығуға белсенді қатысуға шақырамыз! Қалада шартты түрде баспанасыз қалған адамдарғы 384 қабылдау пункті іс жүзінде орналастырылады", – деп хабарлады ТЖД. 

Аталған бекеттер  халықты жинауға,  тіркеуге, уақытша орналастыруды,  зардап шеккен халықты қажетті заттармен (су, тамақ, азық-түлік) қамтамасыз етуге, көлікке отырғызып және қауіпсіз аудандарға эвакуациялауға арналған.

Баспанасыз қалған, зардап шеккен халықты қабылдайтын 384 пункт туралы толық ақпарат іздеу үшін  2ГИС қосымшасына  "зардап шеккен халықты қабылдау пункттер" деген сөздерді енгізу қажет, сондай-ақ мекен-жайларды Алматы ТЖД мен әкімдіктің ресми сайттарынан табуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу