Алматыда жалпықалалық сенбілік аясында 5 мыңға жуық ағаш отырғызылады

Алматы әкімдігі қоғамдық ұйымдардың 2023 жылғы 22 сәуірде сағат 10:00-де өтетін Almaty Clean & Green экологиялық акциясын өткізу жөніндегі бастамасын қолдады. Акция бүкіл қала бойынша өтеді. 

Алматыда жалпықалалық сенбілік аясында 5 мыңға жуық ағаш отырғызылады Фото: Zanmedia.kz

Алматы әкімдігі тарапынан қажетті заттарды (қолғап, қап, күрек, тырма), көшеттерді беру, акцияға қатысушыларды ауыз сумен және тамақпен қамтамасыз ету, сондай-ақ полигонға қоқыс шығаруды ұйымдастыру бойынша қолдау көрсетілетін болады. Аудан әкімдіктері қоғамдық ұйымдардың бастамасын қолдап, жергілікті сенбіліктер өткізеді.

Акция барысында түрлі танымдық-ойын-сауық іс-шаралары (йога, zumba dance, жаттығулар, флешмобтар және т.б.) қарастырылған, ландшафты көгалдандырудың жетекші сарапшыларынан өсімдіктерді отырғызу, атақты стрит-арт суретшілерінен суреттер салу және граффити жасау бойынша шеберлік сабақтары өтетін болады. Almaty Clean & Green экологиялық акциясы барысында барлығы 5 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу