Алматыда жаңа әкімге қарсы митинг өтіп жатыр

2257

Бұл – қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейінгі алғашқы бейбіт митинг. Тұрғындардың пікірінше, жаңа әкімді халық сайлауы керек.  

Алматыда жаңа әкімге қарсы митинг өтіп жатыр

Алматыда келісілген митинг өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Наразылық акциясына жиналғандар қаланың жаңа әкімі болып Ерболат Досаевтың тағайындалғанына келіспейтіндерін айтып жатыр. Ол осыған дейін Ұлттық банктің төрағасы болған. Оның алдында Алматыны басқарған Бақытжан Сағынтаев қалада болған тәртіпсіздіктерден кейін қызметінен босатылған.

Наразылық білдірушілердің арасында қаңтар оқиғаларынан кейін тергеу изоляторында отырған адамдардың туыстары да бар – олар ұсталғандарды босатуды талап етті.

Митинг Ғалымдар үйінің жанында өтуде.

"Біз, алматылықтар, әкімді өзіміз таңдау құқығын иелену үшін қан төктік. Бұрынғы барлық әкімді бізге тағайындап жіберген", – деді митингіге қатысушылардың бірі.

"Бізде болған барлық әкімді – Есімов, Сағынтаев, Байбек, Храпуновты бізге тағайындап жіберді. Ешқайсысы қала тұрғындарымен диалог жүргізбеген", – деді митингке шыққандар.

Жиналған жұрт Досаев Ұлттық банктің басшысы болған кезде митингіге қатысушылардың талаптарын тыңдамағанын еске салды.

"Енді Досаев қала әкімі болғаннан кейін, ол қаланың игілігі үшін жұмыс істемейді. Ол қала тұрғындарының талаптарын тыңдамайды. Ол оны тағайындаған адам үшін жұмыс істейді", – деді митингіге шыққан тағы бір адам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу