Алматыда жаңа маршрут іске қосылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
15 қарашадан бастап қала көшелерінде №89 бағыттағы автобус пайда болады. Ол Райымбек батыр станциясынан облыстың Іле ауданындағы Gate City тұрғын үй кешеніне дейін созылады.
Маршрутқа 8 минуттық қозғалыс интервалымен 13 жылжымалы бірлік көлемінде беларусьтік МАЗ-203069 маркалы сыйымдылығы жоғары автобустар қызмет көрсетеді.
Жалпы, жыл басынан бері 10 қалалық және қала маңындағы жаңа маршруттар ұйымдастырылып, 22 бағыттағы жылжымалы құрам жаңартылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу