Алматыда 20 наурыздан бастап №43 жаңа автобус бағыты іске қосылады, деп жазады inbusiness.kz.
Ол Бригадная көшесі - Сағадат Нұрмағамбетов көшесі - ШАЖ - әл-Фараби даңғылындағы бұрылыс/Достық даңғылы - Төле би көшесі - Қалдаяқов көшесі - Мақатаев көшесі - Қайрбеков көшесі/Жібек жолы көшесі схемасы бойынша жүреді.
Кері бағытта Қайрбеков көшесі / Жібек жолы көшесі - Төле би – ШАЖ - әл-Фараби даңғылындағы бұрылыс/Достық даңғылы - ШАЖ - Сағадат Нұрмағамбетов көшесі - Бригадная көшесі.
Қалалық ұтқырлық басқармасының мәліметі бойынша, маршруттағы автобустар 06:00-ден 22:00-ге дейін 33 минуттық аралықпен қатынайды. Жолаушылар ағыны күніне 110 адамды құрайды деп күтілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу