Алматыда жаңа автобус паркін салу мәселесі қарастырылуда

812

2025 жылға дейін 500 жылжымалы бірлікке дейін ұлғайту жоспарланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда жаңа автобус паркін салу мәселесі қарастырылуда

"Алматыда 151 бағыт бойынша 2 441 жалдамалы бірлік қоғамдық көлік қатынайды. Оның ішінде 515 газ автобусы, 196 троллейбус, 15 электр автобусы және дизельдегі 1 715 автобус бар. 2021 және 2022 жылдары "Алматыэлектротранс" ЖШС коммуналдық автобус паркі 300 газ автобусын сатып алу жоспарланған. Бұдан өзге, жеке инвестор 2022 жылы қалалық бағыттарға қызмет көрсететін 200-ге дейін газ автобустарын сатып алу, көлік санын 2025 жылға дейін 500 жылжымалы бірлікке дейін ұлғайту, жаңа автобус паркін салу мәселесін қарастыруда. Бұл жұмыс жүйелі негізде жүргізілуде. Сондай-ақ 2022 жылы Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта автобус паркін салу жоспарлануда", – деді спикер. 

Сонымен қатар Серік Құсайынов қазіргі кезде Алматының Наурызбай ауданы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. 

"Онда көптеген тұрғын үй кешендері бар, аудан тұрғындарына құрамында 121 жылжымалы көлік бірлігі бар №14, 15, 26, 27, 104а, 118 және 137 бағыттар бойынша қызмет көрсетілуде. Абай даңғылын үңгілеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ауданда жаңа бағыттар ұйымдастырылады, олар көлік жүйесінің жүктемесін азайтуға және қолданыстағы қалалық бағыттардың бір бөлігін жеңілдетуге көмектеседі", – деді шаһар басшысының орынбасары. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу