Алматыда жаңа автобустар жолға шықты

720

Алматыда жаңа автобустар жолға шықты

 

"Авто Алма Транс" ЖШС Евро-5 экологиялық сыныпты жаңа автобустар алды. №65 бағыты бойынша қызмет көрсететін жаңа автобустарды Алматы әкімі Бауыржан Байбек қарап шықты, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі. 
"АвтоАлма Транс" ЖШС-і бас директорының орынбасары Қанат Нұрлыбековтың айтуынша, ең алдымен №65 бағыт жаңа көлікке алмастырылған, өйткені, осы бағыт бойынша тұрғындардан көп шағым түскен екен.
"Бүгінгі күні біздің автопаркте 10 бағыт бойынша 150 көлік бірлігі бар. Жыл аяғына дейін біз тағы да 44 жаңа автобус аламыз, 2018 жылдың бірінші тоқсанында жаңа автобустар санын 112-ге дейін жеткіземіз. Жинақталған инвестиция 4 млрд теңгені құрайды", - деді Қанат Нұрлыбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу