Алматыда жаңа BRT желісі іске қосылады

90

BRT – арнайы жолақпен жүретін, жылдамдығы жоғары автобустар желісі.  

Алматыда жаңа BRT желісі іске қосылады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

14 желтоқсаннан бастап Алматыда Желтоқсан көшесінде BRT (Bus Rapid Transit) желісі іске қосылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, оның ұзындығы 4,6 шақырым болады. Жаңа желі Тимирязев көшесіндегі қолданыстағы BRT учаскесі мен Райымбек батыр даңғылы бойында салынып жатқан аумақты жалғайды. Осылайша оңтүстіктен солтүстікке қарай автобустың жылдам жүруін қамтамасыз етеді.

Солтүстік бағытқа қозғалғанда бөлінген жолақ көшенің оң жағында, ал кері бағытта сол жағында сызылған.

Жүргізушілер жол ережелерін сақтап, жолдағы таңбалар мен белгілерге мұқият назар аударуы қажет. Бұл аумақта фото және видео тіркеу жүйелері жұмыс істейді.

Айта кетейік, жаңа бағыт бойынша автобустар екі бағытқа да қатынайды. Басында №92 және №59 маршрутын іске қосу жоспарланған. Қозғалыс кестесі мен егжей-тегжейлі сызба қосымша жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу