Алматыда жаңа демалыс және ойын-сауық кешені бой көтереді

251

Жоба аясында су арнасы, саябақ, амфитеатр, океанариум және балаларға арналған демалыс нысандары бой көтереді.  

Алматыда жаңа демалыс және ойын-сауық кешені бой көтереді Фото: Almaty_akimdigi Telegram

Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жаңа көпфункционалды Almaty Water Garden кешенін салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нысан Алатау ауданында Бауыржан Момышұлы мен Саин көшелерінің аралығында орналасады.

Жобаның басты ерекшелігі – серуендеуге арналған жағалаулары, демалыс аймақтары мен көгалдандырылған қоғамдық кеңістіктері бар ұзын су арнасы. Сонымен қатар кешен аумағында саябақ аймағы, фудкорт, концерттер мен фестивальдер өткізуге арналған ашық амфитеатр, сауда және қызмет көрсету нысандары салынбақ.

Отбасылық демалыс үшін балалар орталығы, океанариум және көбелектер музейін ашу көзделген. Кешеннің сәулеттік келбетін шолу алаңы бар мұнара толықтырады.

Жобаны іске асыру 2026-2027 жылдарға жоспарланған. Оның нәтижесінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа қоғамдық және мәдени демалыс кеңістігі қалыптасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу