Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.
"Қазіргі таңда подстанцияның өзі салынған, жеке меншік аумақтар арқылы кабель желісін жүргізу үшін инженерлік коридорды келісу мәселесі ғана қалып отыр", - деді Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде.
2022 жылы Түрксіб ауданында 24 шақырым жаңа электр желісі салынып, 13 трансформаторлық подстанция реконструкцияланды. Ал 2023 жылдың желтоқсанында "Әлмерек", "Нұршашқан" және "Шуақты" шағын аудандарында электр беру желілерін жаңғырту аяқталады.