Алматыда жаңа қаулы қабылданып, жаңа ережелер бекітілді

833

Мереке, демалыс күндері азық-түлік дүкендері мен базарлар сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейді. 

Алматыда жаңа қаулы қабылданып, жаңа ережелер бекітілді

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин "Алматы қаласында коронавирус инфекцияның алдын алу жөніндегі шаралар туралы" жаңа қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, мектепке дейінгі мекемелерде қосымша кезекші топтар ашу және қала мектептерінде 1-ден 5-сыныпқа дейін қосымша кезекші сыныптар ашу тоқтатылды. Сонымен қатар сауда нысандарының (сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда желілері, сауда үйлері) жұмыс күндері және демалыс, не мереке күндері сағат 23:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. 

Ал азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмыс және мереке, демалыс күндері сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Алайда олардың толымдылығы 30%-дан аспауы  керек. 

Сондай-ақ, туристік нысандардың жұмысы тестілеу режимінде белгіленген шектеу шараларын сақтай отырып жалғасады. "Медеу" спорттық-сауықтыру орталығы мен "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының қызметіне рұқсат етіледі. "Медеу" мұз айдынының әр сессияда келушілер саны 750 адамнан аспауы шарт. Ал "Шымбұлақ" курортына келушілердің саны 30% -дан аспауға тиіс. 

Көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік, түнгі клубтар мен ойын клубтары, боулинг орталықтары, балалар спорты мен ойын алаңдары, аттракциондар, батуттар және букмекерлік кеңселер мен лотереялық клубтардың) қызметіне бұрынғыша тыйым салынған. Әрі банкет және басқа да мерекелік іс-шаралар өткізу рұқсат етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу