Алматыда "Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз" атты митинг өтіп жатыр

1065

Алматыда Ш. Уәлиханов ескерткішінің алдында "Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз" атты бейбіт шеру өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда "Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз" атты митинг өтіп жатыр

Рұқсат етілген митингке 2-3 мыңға жуық адам жиналды. Жиында Amanat партиясының мүшелері мен депутаттар "Жаңа Қазақстанды құру" жөнінде сөз сөйледі.

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайров Қазақстан халқын елімізді өркендету жолында бірге болуға шақырды.

Ал депутат Жанарбек Әшімжан қаралы қаңтар кезінде халықты отқа итергендерді айыптап, Жаңа Қазақстанды құруға жұмыла күш салу қажеттігін айтты.

"Бір күн ұрыс болған жерде – қырық күн ырыс болмайды" деген сөз бар. Күні кеше көңілді толқытқан Қаңтар қасіреті бізді жаңа үлгіге бастау керек. Сол күндері барлығымызды сүріндіріп, көзімізге жас келтірген жағдай кімнің қолымен жасалды, кімдер үшін жасалды? Мұның барлығы жаңаруға, жасампаздыққа, трансформацияға көшкен қазақ қоғамын көре алмай, соған кедергі келтіру үшін жасалған қадамдар. Сол күндері Amanat партиясы фракциясының мүшелері сизоларда болып, қамалғандардың, қара жамылған адамдардың жағдайымен танысып оларды елге, тиісті органдардың алдына жеткізуге күш салды", – деді ол.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу