Алматы полициясы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның жаңа Конституция жобасында жерді шетелдіктерге сатуға тыйым алынып тасталғаны туралы жалған ақпарат таратылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Ауданаралық әкімшілік сот азамат А.-ны жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танып, оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салды, – делінген хабарламада.
Полиция департаменті тұрғындарды тек ресми және тексерілген ақпарат көздеріне сенуге үндеді, себебі жалған ақпарат таратудың заң бойынша жауапкершілігі бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу