Алматыда жаңа кроссоверді ұрлап кеткен азамат ұсталды

597

Күдікті мас болғанын алға тартып, кінәсін мойындады.

Алматыда жаңа кроссоверді ұрлап кеткен азамат ұсталды

Қаскөй бірінші кезекте Алматыдағы пәтерлердің бірінен көліктің кілтін ұрлап кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Кілттер үйде болды. Ұры таңғы сағат 06:30-да кіріп, кілттерді ұрлап кеткен. Тәртіп сақшылары екі сағаттың ішінде көлікті тауып, қайтарып берді. Мен өте қуаныштымын. Көлігім бұлай тез табылады деп күтпедім", – дейді Дарабоз шағын ауданының тұрғыны. 

Hyundai автокөлігінің ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскеннен кейін Жедел басқару орталығының операторлары оны "Қорғау – қауіпті жүргізуші" автоматтандырылған жүйесі арқылы іздеп, бірден тапқан. Көлік Солтүстік айналма жолында камераға түсіп қалған. Ол шығыс бағытта қозғалып келе жатқан. 

"Боран-179" патрульдік полициясының экипажы Постышева көшесінің қиылысында көліктің жолын жапты. Осылай ұры ұсталды", – деді Алатау аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншінбаев. 

Ұсталған азамат мас болғанын алға тартып, кінәсін мойындады.

Ер адамның айтуынша, ол досының үйін іздеуге келген, бірақ басқа біреудің пәтеріне кіріп кетіп, сол жерден көлік кілтін ұрлап кеткен. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің бірден екі бабы бойынша сараланады: 188-бап (Бөтеннің мүлкін жымқыру) және 200-бап (Бөтеннің көлік құралын заңсыз иелену). Күдікті қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу