Алматыда жаңа құрылыс талаптары бекітілді

835

Енді шаһарда құрылыс жұмыстары халықтың тығыздығын ескере отырып жүргізіледі. 

Алматыда жаңа құрылыс талаптары бекітілді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айта кететіні, қалалық мәслихаттың кезектен тыс VI сессиясында "Қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау ережелері" қабылданды.
Басқарма басшысының айтуынша, құрылыс барысында халықтың тығыздығы 1 гектарға 440 адамнан аспайтын болып есептеледі, ал тарихи орталықтағы құрылыста гектарына 300 адамнан аспауға тиіс.

"Бұл жағдайда тығыздықты 20%-ға арттыруға болады, алайда ол үшін төмендегі талаптар орындалуы керек: жеткілікті инженерлік инфрақұрылымның болуы, көлікке қолжетімділік, жерасты және (немесе) көпдеңгейлі паркингтер, салынған және жапсарлас салынған балабақшалар мен мектепке дейінгі мекемелер, жер сілкінісі кезінде жиналуға арналған орындар мен жақын маңда нормативтік қауіпсіздік аясындағы жасыл аймақтар, жақын маңдағы орта мектептерде орындардың болуы. Бұған қоса, 500 метрден аспайтын радиуста күнделікті қызмет көрсету нысандарының болуы, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында нормативтік-құқықтық актілерге және азаматтық қорғау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес әр тұрғынға үй жанындағы аумақта 10 шаршы метрден (тұрмыстық және рекреациялық қажеттіліктерге арналған алаңдарды, автотұрақтарды, абаттандыру мен көгалдандыруды ескере отырып) келуі тиіс", – деп атап өтті Алмасхан Ахмеджанов.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу