Алматыда жаңа мемлекеттік балабақша ашылды

533

Жыл басынан бері мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау мақсатында 3801 орындық мектепке дейінгі білім беруге 2 конкурс өткізілді. 

Алматыда жаңа мемлекеттік балабақша ашылды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда қала әкімдігі мен құрылыс компаниясы арасындағы әлеуметтік ынтымақтастық аясында жаңа мемлекеттік балабақша ашылды. 300 орындық №189 балабақша "Акварел" тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында орналасқан.

Ол балалардың денсаулығын, дүниетанымын, ойлауын, логикасын дамытуға арналған заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Балабақшада инклюзивті білім беруге барлық жағдай жасалып, "Робототехника", "Сенсорика", "Қолөнер", "Монтессори" кабинеттері ашылды.

Балалар алаңында ойын кешендері мен көлеңке түсіретін шатырлар орнатылған. Балалардың иммунитетін нығайту үшін балабақшада "Тұзды шахта" жабдықталған. Видео-бақылау жүйесі орнатылған.

Қаладағы орын тапшылығын азайту жұмыстары аясында 2630 орындық 46 жеке балабақша ашылды. Жыл соңына дейін 320 орындық 2 мемлекеттік балабақша мен 2600 орындық 29 жекеменшік балабақша ашу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу