Алматыда жаңа өндірістік парктер салынады

630

Бүгінде мұндай 8 парк жұмыс істейді, оған 4 млрд теңге инвестиция салынды.

Алматыда жаңа өндірістік парктер салынады

Оңтүстік астанада шағын өнеркәсіптік парктер ашу жоспарлануда. Бүгінде мұндай 8 парк жұмыс істейді, оған 4 млрд теңге инвестиция салынды және орталықтар базасында 670-тен астам жұмыс орны құрылды, деп жазды inbusiness.kz.

Өнеркәсіптік парктерде тамақ, жеңіл, жиһаз және құрылыс өнеркәсібі салаларында 53 кәсіпорын жұмыс істейді.

"Алматы қаласының Индустриялық аймағында тағы 12 жаңа өнеркәсіптік парктің құрылысы жүргізілуде, онда 2100-ден астам жұмыс орны құрылады. Инвестиция сомасы 8,6 млрд теңгені құрайды. Бизнесті қолдау және дамыту мақсатында Qoldaý кәсіпкерлік орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері орталық мамандары 500 бизнес-жоспар/жобаны әзірлеуге, 475 млн теңге сомасына 17 жобаны сүйемелдеуге және 219 рұқсат құжаттарын алуға көмектесті. Оқытудан 2589 тыңдаушы өтті", – деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу