Алматыда жаңа онкологиялық орталық бой көтереді

564

Медеу ауданында 5 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүріп жатыр. 

Алматыда жаңа онкологиялық орталық бой көтереді Фото: Егемен Қазақстан

Атап айтқанда, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, емхана, жедел жәрдем подстанциясы, аурухана. Алматы қаласы, Медеу ауданындағы медициналық инфрақұрылымды дамыту туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кеңсай шағын ауданында жыл соңына дейін жобалық қуаты күніне 120 келушіге арналған жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулаторияны пайдалануға беріледі.  Көлсай мен Сұлусай шағын аудандарында жыл соңына дейін демеушілік қаражат есебінен фельдшерлік-амбулаториялық пункттер ашу жоспарлануда.  Думан шағын ауданында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын жаңа заманауи емхананы салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, аяқталу мерзімі - 2023 жылдың IV тоқсаны.

Сонымен қатар,  қала басшылығы  "Шығыс қақпасы" полиорталығының аумағында онкологиялық орталығы бар 250 төсектік онкологиялық орталық салу бойынша ауқымды жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.

Алатау шағын ауданындағы мемлекеттік аурухананың аумағында модульдік компьютерлік томография орталығының құрылысы жүріп жатыр. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.  №4 және №10 жедел жәрдем подстанцияларының жаңа ғимараттарын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалау-сметалық құжаттама 2023 жылдың IV -ші тоқсанында аяқталады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу