Алматыда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

737

Бөлімше Алатау ауданындағы Индустриалды аймақты, оның ішінде Саялы, Көк-Қайнар, Томирис, Мәдениет шағын аудандарын қамтиды. 

Алматыда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматының Алатау ауданында шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев пен ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевтың қатысуымен заманауи өрт сөндіру депосының салтанатты ашылуы өтті, деп жазды inbusiness.kz.

Жаңа өрт сөндіру депосының жалпы ауданы 3 524 шаршы метр. Бұл оқиға орнына дейін жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді және Алатау ауданының Индустриалды аймағын, оның ішінде Саялы, Көк-Қайнар, Томирис, Мәдениет шағын аудандары мен 71 разъездің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарының тиімділігін арттырады.

Ауданның белсенді дамуын ескере отырып, өрт сөндіруге арналған техникамен қатар, бөлім арнайы автотехникамен жабдықталған, оның ішінде биік ғимараттарға арналған құрылғылар бар.

"Мұнда 131 қызметкер жұмыс істейді. Бөлімде негізгі және арнайы мақсаттағы 10 заманауи өрт сөндіру автомобильдері бар. Жеке құрам үшін тұрмыстық үй-жайлар, демалыс бөлмелері, психологиялық жеңілдету бөлмесі, тренажер спорт залы қарастырылған", – деді Алматы қаласы ТЖД басшысы Руслан Қасымбаев.

Кәсіби дайындық үшін оқу-жаттығу мұнарасы, кедергілерден тұратын 100 метрлік жолақ бар. Сондай-ақ гарнизон қызметкерлері үшін жатақхана мен пәтерлер қарастырылған. Бүгінгі күні қалада өртке қарсы қызметтің 18 бөлімшесі жұмыс істейді.

Еске салсақ, биылғы жылдың қыркүйек айында Наурызбай ауданында жаңа өрт сөндіру депосы іске қосылды. Қазір Бостандық ауданының Нұр-Алатау шағын ауданында өрт сөндіру депосының құрылысы жүріп жатыр.

"Жаңа Алматы" кешенді жоспарын орындау аясында Алматы әкімдігінен 33 бірлік өрт сөндіру автотехникасы, өрт сорғы станциясы, екі өрт сөндіру автоцистернасы, 14 өрт сөндіру автоцистернасы, 7 жылдам әрекет ету автомобилі, жеңдік автомобиль, авариялық-құтқару автомобилі, үш УАЗ автомобилі, шағын автобус, самосвал, екі жүк автомобилі алынды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу