Бостандық ауданындағы өрт сөндіру депосы "Қазақфильм", "Көкшоқы", "Алатау", "Нұр-Алатау" "Ерменсай" сынды бес шағын ауданға есептелген.
Құрылыс-монтаж жұмыстары биыл қараша айында аяқталады.
Депо тәулік бойы жұмыс істейді, әр ауысымда 23 адам. Іске қосылғаннан кейін құтқарушылардың өрт орнына келу уақыты қысқарады. Жобаға сәйкес, үш қабатты ғимараттың ауданы 3,7 шаршы метрден асты.
- Депоның бірінші қабатында ауысым басшысының кабинеті, кезекші ауысымның екі демалыс бөлмесі (әрқайсысы 14 адам), аппараттық, диспетчерлік бөлме, газтұтқыштарды, жеңдерді сақтауға және тексеруге, арнайы киімді жууға және кептіруге арналған техникалық бөлмелер, шеберхана, құралдар мен қосалқы бөлшектер қоймасы, резервтік автомобильдердің гараж-тұрағы, автокөлік жуу және т.б. орналасады.
- Екінші қабатта спорт залы, душ және жуынатын бөлме, киім-кешек бөлмесі, қойма, комендант бөлмесі, тамақтану бөлмесі, жуынатын және жинауға арналған жабдықтар қоятын бөлме бар.
- Үшінші қабатта нұсқаушыларға арналған кабинеттер, холл, 56 адамға арналған зал, 28 адамға арналған жедел-тактикалық шеберлік сыныбы, психологиялық кеңес беру бөлмесі, қабылдау бөлмесі, халыққа нұсқау беру бөлмесі, қызметтік кабинеттер және т.б. орналасқан.
Депода 4 автомобильге арналған тұрақ, сонымен қатар, 2 көлік құралына арналған резервтік тұрақ ұйымдастырылған. Автокөлікке техникалық қызмет көрсетудің арнайы бекет бар.
Бұған дейін 2023 жылдың мамыр айында жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Ерболат Досаев аталған нысанды аралап, осы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беруді тапсырған болатын.
Қазіргі уақытта ішкі әрлеу, сонымен бірге іргелес аумақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
Алматыда барлығы 19 өрт сөндіру бөлімшесі бар, қазір тағы 3 жаңа депоны жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.