Алматыда жаңа салынған полиция бөлімшесі қирап қалды

290

Ғимараттың іске қосылғанына 4 ай болған, алайда қабырғалары жарылып кеткен. 

Алматыда жаңа салынған полиция бөлімшесі қирап қалды Фото: Almaty.tv

Алғашқы жарықтар наурыздың басында байқалған.

Жарықтар ғимарат ішінде ғана емес, сыртында да бар. Жарықтың ені – 2 сантиметр. Құрылыс саласы маманының айтуынша, бұл тірек құрылымына айтарлықтай зиян келтіреді.

“Менің ойымша, басты қателік – іргетастың негізін, топырақты нығыздау сапасыз жүргізілген. Топырақтың қалқып жатқаны анық, өйткені ғимараттың айналасы шөгіп жатыр", – деді сарапшы.

Жергілікті әкімдік ғимараттың құрылысына бюджеттен 94 миллион теңге бөлінді дейді. Дегенмен мүліктің тағдыры не болатыны сараптама қорытындысын алғаннан кейін белгілі болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу