Алматыда жаңа шағын өнеркәсіптік парктер іске қосылады

66

Индустриялық аймақта жалпы аумағы 22,2 мың шаршы метр болатын бес шағын өнеркәсіптік парк пайдалануға беріледі.  

Алматыда жаңа шағын өнеркәсіптік парктер іске қосылады Фото: gov.kz

Жобалардың жалпы инвестиция көлемі 2,33 млрд теңге, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл нысандарды іске асыру 20-дан астам шағын және орта бизнес субъектісі орналастырылып, 400-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Шағын өнеркәсіптік парктер жобалары қаланың өндірістік инфрақұрылымын дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға және Алматының инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған. Нысандардың индустриялық аймақта орналасуы қажетті инженерлік және көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етіп, өндірістік кәсіпорындардың тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы шағын өнеркәсіптік парктер жобаларын жүзеге асыруды үйлестіреді. Басқарма инвесторлармен өзара іс-қимылды ұйымдастырып, құрылыс барысын бақылайды, сондай-ақ нысандарды пайдалануға беру үдерісін бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс бизнес үшін қолайлы орта қалыптастырып, инвестициялық жобаларды жедел іске асыруға бағытталған.

Жоба аясында келесі нысандар пайдалануға беріледі:

Nur-ai market №1

  • Инвестиция көлемі – 500 млн теңге
  • Жұмыс орындары – 100
  • Қазіргі жағдайы: құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған, инженерлік желілерді тарту және аумақты көріктендіру жұмыстары жүргізілуде.
  • Бағыты – құрылыс индустриясы.

"Капстройгрупп-Т"

  • Инвестиция – 600 млн теңге
  • Жұмыс орындары – 100
  • Қазіргі жағдайы: сэндвич-панельдерді монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
  • Бағыты – жиһаз өндірісі.

"Промпарк"

  • Инвестиция – 530 млн теңге
  • Жұмыс орындары – 100
  • Қазіргі жағдайы: қасбетті монтаждау және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
  • Бағыты – жеңіл өнеркәсіп.

"Arime"

  • Инвестиция – 500 млн теңге
  • Жұмыс орындары – 80
  • Қазіргі жағдайы: сэндвич-панельдерді монтаждау жұмыстары жалғасуда.
  • Бағыты – тамақ өнеркәсібі.

"AL Gaz"

  • Инвестиция – 200 млн теңге
  • Жұмыс орындары – 30
  • Қазіргі жағдайы: сэндвич-панельдерді монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
  • Бағыты – металл өңдеу өнеркәсібі.

Аталған жобалар Алматының индустриялық аймағын дамытудағы маңызды кезең болмақ. Олар өндірістік әлеуетті арттырып, шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, қаланың экономикалық өсіміне зор үлес қосады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу