Алматыда жаңа субұрқақтар салынады

1787

Алматыда биыл Абай атындағы ҚҰПУ алдында үлкен фонтан кешені мен екі құрғақ субұрқақ салынады.

Алматыда жаңа субұрқақтар салынады

Қала әкімдігі сондай-ақ, Тұңыш Президент атындағы парктегі орталық фонтанды реконструкцияланатынын және М.Әуезов атындағы драма театры алдындағы субұрқақтардың жөнделетінін хабарлады.

Биыл Абай даңғылындағы, спорт және туризм академиясы алдында, бұрынғы Түркісб ауруханасы алдындағы жаңа фонтандар пайды болады. Назарбаев даңғылы бойындағы ҚТЖ ғимараты алдындағы бұрынғы көлік тұрағының орнында жаңа фонтан іске қосылады. Оларға жақын маңға бірнеше құрғақ субұрқақ салынды.

Ұлттық кітапхана мен Байсейітов көшесінің арасына да фонтан салынды. Лермонтов атындағы академиялық орыс драма театры алдындағы бос тұрған субұрқақ жөнделді.

Айта кетсек, қаладағы алғашқы субұрқақ 1948 жылы Абай атындағы МАТОБ ғимараты жанындағы скверде пайда болған еді. Қазіргі кезде Алматы аумағында100-ге жуық фонтан бар. Соңғы үш жыл ішінде 27 фонтан салынды және қалпына келтірілді.












Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу