Алматыда жаңа тегеурінді технологиялар өндіріске енгізілмек

859

Алматыда жаңа тегеурінді технологиялар өндіріске енгізілмек

Алматыдағы арнайы экономикалық аймақта орналасқан "Инновациялық технологиялар паркі" жаңа тегеурінді технологияларды өндіріске енгізбек, деп хабарлайды 24Хабар.

Индустрияландыру пәрмені мен инновация игілігін пайдалану Елбасы Жолдауында да айтылып, оларды барлық салаларға енгізу міндеті қойылды. Ол үшін отандық ғылымды дамытып, жетістіктерін табысқа айналдыру тапсырылған болатын. Бұл ретте инновациялық паркте тау-кен металлургия компаниялары үшін сандық тұғырнама әзірленіп жатыр. Оны пайдалана отырып, кәсіпкерлер өндірісті тиімді жүргізе алады. Сол арқылы қор сапасын арттырып, компанияның әлемдік биржаға шығуына мүмкіндік тудырады. Бүгінгі таңда алюминий құймаларын ғана шығару тиімсіз. Нарық жаңа өндірістерді, 3D принтеріне арналған шикізатты талап етіп отыр.

"Өндірістегі 3D принтері арқылы металл ұнтақтарын өндіру – бұл машина жасау ісінің жаңа түрі. Бұл тегеурінді технология алдағы 10 жылда барлық машина жасаудың 50%-ын алмастырады. Бізде осыған керектінің бәрі бар. Сондықтан біз істі өнімді ету үшін бұл үдеріске ертерек бейімделіп, бастауымыз керек", – деді ИТП автономиялық кластерлі қорының бас директоры Санжар Кеттебеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу