Алматыда жаңа төселген асфальт қайтадан қопарылып жатыр

179

Желіде оқиға орнынан түсірілген бейнежазба таралды. 

Алматыда жаңа төселген асфальт қайтадан қопарылып жатыр Фото: Вечерний Алматы

Алматы қалалы Бостандық ауданының әкімдігі жаңа төселген асфальтты қайта қопару себебін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аудандық әкімдіктің мәліметінше, мердігерлік ұйым бұған дейін Садықов көшесінде төселген жолдан ақаудың шығуына байланысты жол төсемін демонтаждау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Себебі ыстық асфальт төсемі төселгеннен кейін оның үстнен ауыр жүк машинасы өткен. Осыған байланысты қазіргі таңда кепілдік міндеттемелер аясында жол төсемі ауыстырылып жатыр",  делінген хабарламада.

Желі қолданушылары былтыр осындай жағдай қаладағы Асқаров көшесінде де болғанын жарыса жазды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу