Алматыда жаңа туған нәрестені шетелге сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

983

Күдіктілер жаңадан дүниеге келген ұл баланы қомақты ақшаға сату кезінде қолға түсті.  

Алматыда жаңа туған нәрестені шетелге сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды Фото: polisia.kz

Алматы қаласы бойынша ҰҚКД және қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топтың заңсыз ісін әшкереледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған қылмыстық тізбек соңғы бірнеше жыл бойы әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастырылып келген.

Қаскөйлердің негізгі мақсаты – әлеуметтік жағынан осал топтағы әйелдерден, соның ішінде шетел азаматтарынан туған сәбилерді сатып алуға ниетті адамдарға заңсыз жолмен беруді ұйымдастыру болған.

Жедел іс-шаралар барысында жаңа туған ұл баланы қомақты ақшаға сату әрекеті анықталды.

Сәби мемлекет қамқорлығына алынып, тиісті мекемеге орналастырылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. 

"Бұл – бір реттік әрекет емес. Мұнда тұрақты, тіпті өңіраралық байланыстары бар тізбектің бар болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Барлық қатысы бар адамды анықтау жұмыстары жалғасуда. Балаларға, әсіресе жаңа туған сәбилерге қатысты заңсыз әрекеттер – бұл ерекше қатыгез және ауыр қылмыс. Мұндай әрбір дерек заң аясында әділ бағасын алады", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Тергеу амалдары жүргізілуде, сондай-ақ елдің басқа өңірлерінде осыған ұқсас эпизодтардың болуы мүмкіндігі тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу