Алматыда жаңа туған сәбиін сатпақ болған келіншек ұсталды

673

Алматыда жаңа туған сәбиін сатпақ болған келіншек ұсталды

Алматыда жаңа туған нәрестесін сатпақ болған 22 жастағы келіншек ұсталды, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, полицейлер келіншекті жүктілігінің соңғы кездерінде бақылауға алған. Ол болашақ баласына ата-ана іздеумен белсенді айналысқан. Басында, оны сатпақ та болған.

"Жедел жеткен ақпаратты тексеріп, оның растығына көз жеткіздік. Екі баланың анасы құрсақтағы сәбиін 2000 АҚШ долларына сатпақ болған. Ақшаның бір бөлігін ол жүктілігінің соңғы кезеңінде алған. Қалған бөлігін баласын болашақ ата-анасына тапсыру кезінде алмақ болған. Ол ұлын аман-есен дүниеге әкелді. Келісім Алматы қаласы Сейфуллин көшесінің біріндегі үйде жасалған. Күдікті ақшаны алу кезінде қолға түсті", – дейді Алматы қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының басшысы, полиция полковнигі Ерлан Оралбеков.

Айта кетейік, күдікті келіншектің күйеуі екі баласы бар. Тұрақты жұмысы жоқ, жезөкшелікпен айналысқан.

"Бұл дерек ҚР ҚК 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркелді. Істі ІІД Тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Сәби балалар үйіне берілді", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу