Алматыда жаңа зауыттар ашылады

1281

Бақытжан Сағынтаев индустриалды аймақтағы іске қосылатын жобалардың барысын тексерді.

Алматыда жаңа зауыттар ашылады

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жалпы көлемі 490 гектар индустриалды аймақта іске қосылатын зауыттардың өнім шығару процесстерімен танысты. 

"Ағымдағы жылы индустриалды аймақта сегіз жаңа жоба іске қосылды. Оларға қойылатын басты талап – экология мәселесі, энергияның тиімділігі, заманауи технологияны ұтымды пайдалану және өндіріс процесстерін жоғары деңгейде цифрландыру",– деді шаһар басшысы. 

Қазіргі кезде индустриалды аймақта пайдалануға берілетін бес зауытты іске қосу және олардың өндіріс процесстерін ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 1300-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылады.

Сонымен қатар "Эйжа Стил Пайп Корпорэйшн" ЖШС үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырларын шығаратын зауыт ашылады. Ол жылына 100 мың тонна өнім шығарады деп жоспарлануда. Аталған зауыт 304 адамды жұмыспен қамтымақ. 

Бұдан бөлек энергиялық жағынан тиімді қасбеттер шығаратын "Техновид" ЖШС зауыты ашылмақ. Кәсіпорын толық іске қосылған соң жылына 520 мың шаршы метр сәулет қасбеттерін шығарады. 

Сонымен қатар 2020 жылы индустриалды аймақта жалпы құны 24,1 млрд теңге болатын 14 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Нәтижесінде 1400 жаңа жұмыс орыны ашылмақ. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу