Алматыда жаңа жылда "жедел жәрдемге" 9 мың шақырту түскен

827

"102" пультіне 2 мыңнан қала тұрғындары қоңырау шалды.

Алматыда жаңа жылда "жедел жәрдемге" 9 мың шақырту түскен Фото: Inbusiness.kz

Алматыда жаңа жылдық демалыс күндері "102" пультіне 2 мыңнан қала тұрғындары қоңырау шалды, ал "жедел жәрдемге" 9 мың шақырту түскен, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бүкіл мегаполис демалып, жаңа жыл мерекесін тойлап жатқанда, полиция, құтқарушылар және дәрігерлер қызметтерін тоқтатпады. Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметі демалыс күндері болған оқиғалардың қысқаша шолу жасады.

Алматы қаласы Полиция департаментінің жедел басқару орталығының мәліметінше, мегаполисте үш күн ішінде 44 қылмыс тіркелген. Олар негізінен тұрмыстық сипаттағы оқиғалар. Ауыр және аса ауыр қылмыстар тіркелмеген.

Патрульдік нарядтар, учаскелік инспекторлар және жедел қызметкерлердің жедел әрекет етуімен 38 қылмыс ашылды. Сонымен қатар жаңа жылдық мереке күндері полицейлер 500-ден астам құқық бұзушылықты анықтап, жолын кесті.

Осы күндері "102" пультіне 2 мыңнан астам телефон қоңырауы келіп түсті, олардың басым бөлігі – анықтама алу сипатындағы ақпарат.

Осы мереке күндері Алматының үш мыңнан астам полицейі қалада қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасы негізінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етті. Демалыс күндері патрульдік нарядтар саны ұлғайтылды, қызмет өткеру маршруттары тығыз орындалды, Ұлттық ұланның 300 әскери қызметкері жаяу патрульдеуге тартылды.

Жалпы Алматыда Жаңа жыл салыстырмалы түрде тыныш өтті. Бұны ТЖ департаментіндегідер де атап өтті. Құтқарушылар, полиция қызметкерлері сияқты, қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды. Айтқандай, олар осындай режимде 6 қаңтарда да сағат 09.00-ден 2024 жылдың 8 қаңтары сағат 09.00-ге дейін Рождествода қызметін жалғастырады. Алматы ТЖД деректері бойынша мерекелік үш күнде құтқарушылар 31 рет шақыру бойынша оқиға орындарына барды, оның 10-ы өртке байланысты. Қаза тапқандар тіркелген жоқ, - делінген хабарламада.

Алматы қаласы ҚДСБ жедел медициналық жәрдем қызметінде жаңа жылдық демалыс қорытындысы бойынша жағдайға түсініктеме берді. Хабарланғандай, 9 мыңға жуық адам Алматы қаласындағы жаңа жылдық мереке күндері "103" пультіне жүгінген.

Дәрігерлер үшін 2023 жылдың 31 желтоқсанынан 2024 жылдың 2 қаңтарына дейінгі аралық оңайға түспеді. Медициналық көмек алу үшін мамандарға тоғыз мыңға жуық адам жүгінді. Қала тұрғындары мен қонақтары негізінен дене қызуының көтерілуі мен жөтелге шағымданды.

Сонымен қатар, әртүрлі жарақат алған науқастар ауруханаларға жеткізілді. Пиротехникалық құралдардан жарақаттану мен күйік шалудың 13 жағдайы анықталды және 733 ЖРВИ диагнозы тіркелді.

Жедел медициналық жәрдем қызметінің аға дәрігері Ақмарал Асанова егер тәулігіне 4000-ға жуық өтініш түссе, мереке күндері олардың саны 7000-ға жуық өтінішке дейін көбейгенін айтты.

Айта кетейік, Алматы қаласында Алматы қаласының барлық халқы мен қонақтарын 100% қамтитын 12 қосалқы станция жұмыс істейді. Күн сайын кезекшілікке 186 жедел медициналық жәрдем бригадасы қатысады. Жедел жәрдем қызметкерлері медициналық көмек көрсету бойынша өздерінің функционалдық міндеттеріне жауапкершілікпен қарайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу