Алматыда жаңа жылдық корпоративтер өткізу шарттары белгілі болды

767

Осы талаптар орындалғанда ғана жиын өткізуге болады. 

Алматыда жаңа жылдық корпоративтер өткізу шарттары белгілі болды

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов қалада жаңа жылдық корпоративтік кештерді өткізуге рұқсат етілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Оның айтуынша, қазіргі карантиндік талаптарда Алматыдағы кәсіпкерлік нысандарында жаңа жылдық корпоративтер өткізуге тыйым салынбағанымен, арнайы шектеулер бар. 

"Бұл келушілер, мекеме қызметкерлері мен іс-шараны ұйымдастырушылар арасында "жасыл" мәртебенің болуы. Сондай-ақ мейрам күндері Алматы қаласы орналасатын аймаққа (жасыл, сары, қызыл) байланысты мекемелерге келушілер санына қатысты шектеулер бар", – деді Сәдуақас Байғабылов. 

Яғни "жасыл" аймақта – 50%-ға дейін 100 орыннан артық емес, "сары" аймақта – 50%-ға дейін толуы 70 орыннан артық емес, "қызыл" аймақта – 50%-ға дейін 50-ден артық келуші болмауға тиіс.

"Алматы қаласының "жасыл" аймақта қалуы, ең алдымен, мегаполис тұрғындарына байланысты. Ол COVID-19-ға қарсы белсенді вакцинациялау, бетперде режимін және қашықтықты сақтау. Жаңа жылдық корпоративтік кештер мен басқа да іс-шараларға тыйым салу", – деп түйіндеді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу