Алматыда жаңадан салынған госпиталь COVID-19 жұқтырған 43 науқасты қабылдады

789

Бұл аурухана 280 төсек-орынға есептелген. Құрылымына 9 клиникалық бөлім, 28 адамға арналған жансақтау бөлімі, далаға жеке шығатын бір орындық 10 палата, бес орындық динамикалық бақылау палаталары бар қабылдау бөлімшесі кіреді.

Алматыда жаңадан салынған госпиталь COVID-19 жұқтырған 43 науқасты қабылдады

Алматыда жаңадан салынған аурухана COVID-19 вирусын жұқтырған пациенттерді қабылдай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Кеше И.С. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы COVID-19 вирусын жұқтырған пациенттерді қабылдай бастады. Қазір онда 43 науқас бар", – деп хабарлады қалалық Денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық, бұл аурухана 280 төсек-орынға есептелген. Құрылымына 9 клиникалық бөлім, 28 адамға арналған жансақтау бөлімі, далаға жеке шығатын бір орындық 10 палата, бес орындық динамикалық бақылау палаталары бар қабылдау бөлімшесі кіреді.

Сонымен қатар, модульдік кешенде палаталарда желдету жүйесі жұмыс істейді. Вирустары бар ауа палатадан тыс жерге шықпай, ол арнайы заларсыздандыру жүйесіне түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу