Алматыда жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты

691

9 қабатты үйдiң 1 қабатында пластикалық құбырлар жанған. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты

"Сағат 10:22-де Жетісу ауданында салынып жатқан "Драгон Сити" тұрғын үй кешенінде өрт шықты. 9 қабатты үйдiң 1 қабатында 8 шаршы метр аумақта пластикалық құбыр жанған. Өрт сөндiрушiлер келгенше өрт ошағы сөндipiлген. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті құрылысшыларға жұмыс жасау кезінде өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауды ескертедi", – деп жазылған департамент таратқан хабарламада. 

Айта кететіні, аталған тұрғын үй кешені халық арасында Барахолка атанып кеткен базар маңында орналасқан. Желіде өрттің бейнежазбалары тарауда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу