Әлеуметтік желіде кешкілік уақытта жанармай құю бекетінде пышақ ұстап кірген әйелдің видеосы тараған болатын. ПД белгісіз әйелдің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Видеодан қолындағы пышағын арлы-берлі сермеп сөйлеп тұрған әйелді көруге болады.
"Халық аренаның жанындағы жанармай құю бекетінде пышақ ұстаған әйел жүр, оқиғаның мән-жайы анықталуда", - делінеді видеодағы жазбада.
Алматы қалалық полиция департаменті пышақ ұстаған әйелдің ұсталғанын хабарлады.
"Әйел ұсталды және патрульдік полиция экипажымен Медеу аудандық полиция басқармасы жанындағы бөлімге жеткізілді. Ол өзін дұрыс ұстаған жоқ. Әйел білікті көмек алу үшін психологиялық бейіндегі дәрігерлерге жіберілді", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.