Алматыда жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған күдіктілер анықталды

Күдіктілер 100 мың теңге мен екі телефон ұрлап кеткен. 

Алматыда жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған күдіктілер анықталды Фото: polisia.kz

Жанармай құю бекетіне жасалған қарақшылық шабуыл түнгі сағат екіде орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Бетперде киген екі адам қолдарында шеге суырғыш және балтамен жанар-жағармай құю бекетіне кіріп, кассир мен күзетшіні артқы бөлмеге қамап, қызметкерлердің телефондары мен кассадағы ақшаны ұрлап кеткен. Шабуылдаушылардың барлық әрекеті бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Күдіктілер сол күні анықталып, қамауға алынды. Бұл – 23 жастағы Т.есімді азамат және 22 жастағы М.есімді азамат. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді", – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.

Қаскөйлер – Алматыға жұмысқа орналасу үшін келген. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу