Алматыда жаңажылдық отшашудан елуден астам адам зардап шекті

844

Алматыда жаңажылдық отшашудан елуден астам адам зардап шекті

31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында Алматыда 57 адам отшашудан зардап шеккен, олардың 7-еуі ауруханаға жатқызылды, деп мәлім етті Алматы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нұржан Исабеков. Бұл туралы sputniknews.kz жазып отыр.

"4 адам Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды, 3-еуі – Балалар жедел медициналық жәрдем орталығында. Жағдайлары бір қалыпты. Жан сақтау бөлімінде ауыр халде жатқандар жоқ. Зардап шеккендердің ең кішісі - 2011 жылы, ересегі 1969 жылы туған. Бесеуінің жанарына зақым келген, екеуінің қолы күйіп қалған. Жасы ең кіші бүлдіршін бірнеше жарақат алған", — деді ол. 

Қалған 50 адам жеңіл-желпі күйік алған, бет терісі мен қолдары жарақаттанған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу