Алматыда жаңбырдан ойылып кеткен жолдарды жөндейтін компаниялардың жұмысы тексеріліп жатыр

98

Бұл туралы полиция хабарлады.

Алматыда жаңбырдан ойылып кеткен жолдарды жөндейтін компаниялардың жұмысы тексеріліп жатыр Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан компаниялардың қызметтері тексеріліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық полиция департаменті тиісті мәлімет таратты.

"Бостандық аудандық полиция Басқармасының әкімшілік полиция бөлімі қызметкерлерімен ауданда жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан компаниялардың қызметтері тексерілуде", – делінген хабарламада.

Айта кету керек, бұған дейін Алматыда жаңбырдан кейін 13 көлік көшедегі ойыққа түсіп кеткенін жазғанбыз. Мердігер ұйым зақымданған автокөліктердің иелеріне келтірілген шығынды толық өтемек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу