Алматыда жаңғыртылған ХҚКО ашылды

548

Алматыда 13 ХҚКО мен арнайы ХҚКО бар.

Алматыда жаңғыртылған ХҚКО ашылды Фото: gov.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев, ҚР цифрлық даму министрі Бағдат Мусин және мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин Алматыдағы жаңғыртылған ХҚКО-ға барды, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жаңа ХҚКО-да барлығы халыққа ыңғайлы етіп жасалған. Клиенттер топырлап жиналмауы үшін ХҚКО арнайы бөлімдерге бөлінген. Байланыс аймағында клиенттер қызметті өздері ала алады. Мұнда смартфон арқылы қызметті қалай алуға болатыны үйретіледі. Әрі әлеуметтік қызмет көрсету, құжаттау және дайын құжаттарды беру бөлімі бар. Балаларға арналған бұрыш, ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін – пандус және қызмет көрсетілетін жеке сектор қарастырылған.

Мұнда инновациялық жобалар ұсынылған. Соның бірі тәулік бойы жұмыс істейтін 33 ұяшықты постамат, ол жерден өзіңізге ыңғайлы уақытта дайын құжатты ала аласыз. Бұған қоса, ХҚКО-да төлқұжат пен жеке куәлік алу үшін өтінішті өз бетінше беру құжаттау терминалы қарастырылған.

Елімізде 2024 жылдың соңына дейін мемлекеттік корпорацияның 115 фронт кеңсесі жаңғыртылады. 

Жыл басынан бері тұрғындарға бір жарым миллионға жуық қызмет көрсетілді. Жаңғыртылған ХҚКО күніне 3 мыңнан астам адамды қабылдай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу