5 мамыр Медеу ауданыны Жібек жолы даңғылы, 37-үй, бес қабатты үйде өрт орын алды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ас бөлмесі мен балконның отқа оранғанын анықтады. Өрттің тұрғын үйдің шатырына таралу қаупі туындады.
Соның салдарынан пәтерде жоғары температура орын алып, бүкіл пәтер бөлмелері улы түтінге толған. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны есікті ашып, пәтерге кірді. Барлау барысында 1955 жылы туылған ер адам ес-түссіз күйде табылды. Өрт сөндірушілер ер адамға арнайы түтіннен қорғайтын құтқару қалпақшасын кигізіп, таза ауаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Қабылданған шаралардың арқасында өрттің үйдің шатырына таралуына жол берілмеді.
Өрт сағат 07:45-те (келген сәттен бастап 17 минутта) оқшауланып, 07:49-да (келген сәттен бастап 21 минутта ) сөндірілді.
Алматы қаласы ТЖД көпқабатты үйлердің тұрғындарынан тамақ дайындау кезінде газ құрылғысын қараусыз қалмауға, ақауы бар электр құралдарын пайдаланбауға кеңес береді.