Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 5 мамыр күні таңғы сағат 07:23-те өрт сөндірушілер Медеу ауданы Жібек жолы көшесі, №37 мекенжайына барған.
Келген кезде бесінші қабаттағы пәтердің ас бөлмесі мен балконы ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады.
Өрттің тұрғын үйдің шатырына таралу қаупі туындады.
Жанып жатқан пәтерде жоғары температура мен тығыз түтін пайда болды.
Шұғыл түрде газ-түтіннен қорғау қызметі тілсіз жауды сөндіруге өрт оқпандарын жіберді.
Қызыл жалын 17 минут ішінде сөндірілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу