Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде 9 полиция қызметкері қаза тапты

954

165 көлік қиратылған, оның 64-ін қалпына келтіру мүмкін емес. 

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде 9 полиция қызметкері қаза тапты

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде 9 полиция қызметкері қаза тапты. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

Спикердің айтуынша, қазіргі кезбе бес тәртіп сақшысы ауруханада жатыр. Оның екеуінің жағдайы ауыр. Барлығы 1 097 полиция қызметкері түрлі жарақат алған. 

Бұған қоса, эко-бекеттер өртеліп, Алмалы полиция басқармасының ғимараты қирады. 

"165 көлік зардап шекті. Оның 64-ін қалпына келтіру мүмкін емес. 7 қару-жарақ дүкенінен 1 347 дана қару ұрланған. Бүгінгі таңда 127 қару тәркіленді. Оның 58-і аңшылық дүкендердерден ұрланған", – дейді Қанат Таймерденов қаладағы қылмыстық ахуалды баяндай отырып. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу