Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде екі жанармай бекеті жанып кеткен

1168

Тағы 15-і қатты зақымданған. 

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде екі жанармай бекеті жанып кеткен

Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығының мәліметінше, мегаполисте жаппай тәртіпсіздік кезінде шерішілер екі жанармай бекетін толығымен өртеп жіберген, деп жазды Inbusiness.kz.

"Айта кететіні, 2 нысан толығымен жанып кеткен. Олар: RP – Алатау ауданындағы Рысқұлова-Школьная көшелерінің қиылысында орналасқан, ПетролАзия – Әуезов ауданында Райымбека-Сайын көшелерінің қиылысында орналасқан. Тағы 15 бекет қатты, 57 бекет жартылай зақымданды", – деп жазылған хабарламада. 

Желілер бойынша:

- "Синойл" желісінің 22 бөлімі бар. Олардың барлығы жұмыс істейді. 14-і жартылай зақымданған, қызметі қалпына келтірілді, жұмыс істейді;
- "Гелиос" желісінің 47 бөлімі бар, жұмыс істейтін-31, жартылай зақымдалған-9, ауыр – 7 (40 күн ішінде қалпына келтірілмек);
- "ПетролАзия" желісінің 30 бөлімі бар, оның 22-сі жұмыс істеп тұрса, 7-і жартылай зақымданған (2 апта ішінде іске қосылады), 1-і толық жанып кеткен (90 күн ішінде іске қосылады);
- "ГазПромНефть" желісінің 27 бекеті бар, оның 17-сі жұмыс істеп тұр, 8-і жартылай зақымданған (олар 2 апта ішінде іске қосылады), 2 қатты зақымданған (60 күн ішінде іске қосылады);
- "ҚМГ" – 27 бекет, 20-сы жұмыс істеп тұр, 7-і жартылай зақымданған (олар 2 апта ішінде іске қосылады);
- "Royal Petrol" – 34 жанармай құю бекеті бар, жұмыс істеп тұрған 15, ішінара зақымдалғаны 18 (2 апта ішінде іске қосылады), 1-і жанып кеткен (90 күн ішінде іске қосылады);

Алматыда желіден тыс 33 жеке жанармай құю станциялары бар. Олар қатты зақымданбаған.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу